Хуситтер бұл соққыларды жауапсыз қалдырмауға уәде берді
Йемен қорғаныс министрлігі өткен түнде АҚШ-Ұлыбритания соққыларына қатысты мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Йемен Қорғаныс министірлігіне сілтеме жасап.
73 соққы кезінде 5 йемендік жауынгер қаза тапты, тағы 6 адам жарақат алды. Соққылар Йемен астанасы Сана, Ходейда, Таиз, Саада және Хаджа провинцияларына бағытталған.
Мәлімдемеде мұндай соққыларға қарамастан Израиль кемелеріне және Израиль порттарына бет алған кемелерге шабуыл жасау тоқтатылмайтыны айтылған. Сондай-ақ, Йемен тарапы бұл шабуылға жауап берілетінін айтты.
«Йемен Қарулы Күштері Йеменді, оның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау үшін қауіп көздеріне, құрлықтағы және теңіздегі барлық дұшпандық нысандарға шабуыл жасауды тоқтатпайды», – деп мәлімдемеда жазылған.