Әлемнің ең мықты әскерлері рейтингінде Қазақстан 58-орынға жайғасты

Қазақстан әскері Орталық Азияда үздік деп танылды

Ануар Маратов
12/01/2024 - 21:50

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан Global Firepower-2024 әскери күшінің дүниежүзілік рейтингінде бес орынға көтерілді. 2023 жылы Қазақстан 63-орынға ие болған, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі . 

Сарапшылар 145 елді 60 түрлі фактор бойынша бағалады: әскери бөлімшелер саны, қаржылық жағдайы, технологиялық дамуы, географиялық орналасуы және ұтқырлығы және т.б.

Қазақстан тізімде 58-орынға тұрақтап, Орталық Азияда үздік деп танылды. Қорғаныс шығындары 7,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Әскери персоналдың жалпы саны – 300 мың адам.

Өзбекстан – 65-орында. Қырғызстан – 100-орында, Тәжікстан 107-орынға жайғасты.

Айта кетейік, әскери күші ең жоғары үш елге АҚШ, Ресей және Қытай кірді. Рейтингтің ең соңын Бутан мемлекеті түйіндеді.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41