Neos әуе компаниясының өкілдігімен кездесу өтті
ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев Neos әуе компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры және Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының президенті Марко Береттамен кездесті. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар Neos әуе компаниясының Қазақстан мен Италия арасындағы рейстерінің орындалуын атап өтіп, екі ел арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жұмысын жалғастыруға келісті.