Ресей мен Солтүстік Корея қорғаныс саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады

Ресейдің қорғаныс министрі Солтүстік Кореяға барды

Sarbaz.kz редакторы
28/07/2023 - 23:13

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен қос елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын дамытуды талқылады. Кездесу Пхеньянда өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz «Корея дауысы» радиостанциясына сілтеме жасап.

«Екі ел арасындағы қорғаныс қауіпсіздігі саласындағы тактикалық-стратегиялық жәрдем мен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бірқатар мәселелері терең талқыланды», - деп хабарлады «Корея дауысы» радиостанциясы.

Кездесу барысында Ким Чен Ын Корей түбегіндегі жағдай күрт өзгеріп жатқанын атап өтті. Бұл жөнінде ол Шойгудың жағдайды реттеу туралы ұсыныстарына құлақ түрді.

Сонымен қатар кездесу кезінде Ким Чен Ын Сергей Шойгуға америкалық MQ-9 Reaper және RQ-4 Global Hawk-қа ұқсас КХДР құпия дрондарын көрсетті. Сондай-ақ тараптар мықты мемлекет құру туралы мәселелерді де қозғады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85