АҚШ пен Ұлыбритания Йеменде әскери операция жүргізіп жатыр

Сана халықаралық әуежайы АҚШ-Ұлыбритания коалициясының жаппай бомбалауына ұшырады

Sarbaz.kz редакторы
12/01/2024 - 15:08

Фото: Sky News

Фото: Sky News

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігіндегі хуситтердің нысандарына қарсы әскери операция бастады. Бұл туралы Sarbaz.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оларға қарсы зымыран соққылары ұшақтардан, жер үсті кемелерінен және сүңгуір қайықтардан, соның ішінде «Томагавк» қанатты зымырандарынан жасалып жатыр.

Сана халықаралық әуежайы АҚШ-Ұлыбритания коалициясының жаппай бомбалауына ұшырады. Сана, Эль-Ходейда, Саада және Дамар провинцияларына да шабуыл жасалды. Соққылардың бірі Ходейда портының маңында болды.

«Бүгін менің нұсқауым бойынша АҚШ әскери күштері Ұлыбританиямен бірге және Австралия, Бахрейн, Канада және Нидерланд елдерінің қолдауымен Йемендегі бірқатар нысандарға сәтті соққы берді, онда хусит көтерілісшілері әлемдегі ең маңызды су жолдарының бірінде навигация еркіндігіне қауіп төндірді.

Бұл соққылар хуситтердің Қызыл теңіздегі халықаралық теңіз кемелеріне бұрын-соңды болмаған шабуылдарына, соның ішінде тарихта алғаш рет кеме баллистикалық зымырандарын пайдалануға тікелей жауап болып саналады», – деді АҚШ президенті Джо Байден шұғыл үндеуінде.

Ақ үй басшысы Хуситтердің 27 шабуылынан 50-ден астам елдің коммерциялық кемелері зардап шеккенін және 9 қаңтарда қозғалыс америкалық әскери кемелерге қарсы ең үлкен шабуыл жасағанын хабарлады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85