Өткен жылы қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 10 медаль жеңіп алған
Екі әскери қызметші стендтік атудан Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Кіші сержант Әсем Орынбай мен мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Әлішер Айсалбаев Кувейттегі Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Қазақстаннан барлығы 18 спортшы барады. Бас бапкер – Сергей Колос.
Чемпионат 12-22 қаңтар аралығында Эль-Куйвейт қаласында өтеді. Құрлық біріншілігінде 40 елден 500-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Олар Париж олимпиадасына 8 квота үшін күреседі.
Стендтік атудан Қазақстан құрамасы: Айжан Досмағамбетова, Әсем Орынбай, Анастасия Прилепина, Мария Дмитриенко, Максим Бедарев, Алишер Айсалбаев, Виктор Хасянов, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Никита Чикулаев, Эдуард Ещенко, Александр Ещенко, Александр Мухамедиев, Илья Пеньков, Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Зоя Кравченко, Ольга Панарина.
Өткен жылы қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 10 медаль жеңіп алған. Sarbaz.kz тілшісі Қазақстанның практикалық атудан бас жаттықтырушысымен спорттың қыр-сыры жайлы сұхбаттасқан болатын.