Йемендік хуситтер АҚШ-тың әскери кемесіне шабуыл жасады

Хуситтер бұл АҚШ-тың шабуылына жасалған алғашқы жауап болды деп мәлімдеді

Ануар Маратов
11/01/2024 - 16:53

Фото: US Navy

Фото: US Navy

Йемендік хуситтер Қызыл теңізде Израильге қолдау көрсеткен америкалық кемеге шабуыл жасағанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Шабуыл баллистикалық және теңіз зымырандары, ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалды», - делінген хуситтер тобының мәлімдемесінде.

Йемендік топ бұл өткен айда АҚШ-тың Қызыл теңіздегі күштеріне жасаған шабуылына алғашқы жауап болғанын айтты.

Сонымен қатар, АҚШ Орталық қолбасшылығы(CENTCOM) өзінің мәлімдемесінде АҚШ әскери-теңіз флоты 18 ұшқышсыз ұшақты, 2 кемеге қарсы қанатты зымыранды және 1 кемеге қарсы баллистикалық зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді.

3 қаңтарда 14 ел, соның ішінде АҚШ хуситтерге қатысты мынандай мәлімдеме жасаған:

«Егер хуситтер адамдардың өміріне, әлемдік экономикаға немесе аймақтың маңызды су жолдары арқылы өтетін сауданың еркін қозғалысына қауіп төндіре берсе, оның салдары үшін жауап береді», - делінген бірлескен мәлімдеме жасады.

 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85