Қарулы қақтығыс жүріп жатыр: Эквадорда қанша ҚР азаматы бар

ҚР СІМ хабарлама таратты

Sarbaz.kz редакторы
11/01/2024 - 15:01

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

Бүлік болып жатқан Эквадор елінде қанша ҚР азаматы бар еккні анықталды. ҚР СІМ мәліметі бойынша бұл елде қазақстандықтар жапа шекен жоқ, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 ҚР азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар.

Консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатты, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді. Зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Эквадорда қарулы қақтығыс жүріп жатқаны хабарланған. 

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07