«Қытай әрқашан АҚШ пен Тайвань арасындағы ресми қарым-қатынастың кез келген түріне үзілді-кесілді қарсы болды»
ҚХР СІМ ресми өкілі Мао Нин АҚШ Тайваньмен кез-келген ресми байланыстарды тоқтатып, аралдағы сайлауға араласпауы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Қытай әрқашан АҚШ пен Тайвань арасындағы ресми қарым-қатынастың кез келген түріне үзілді-кесілді қарсы болды», - деді Мао Нин.
EADAYLI басылымының жазуынша дипломат өз сөзінде Америка конгресінің мүшелері «Бір Қытай» қағидатын және үш бірлескен Қытай-Америка коммюникенің ережелерін тиісті түрде сақтауы керек екенін айтты.
«Олар Тайвань мәселесіне қатысты ойланып шешім қабылдауы қажет, Тайваньмен ресми байланысты тоқтатуы керек, сол сияқты Тайваньдағы сепаратистік күштерге жалған сигналдар жіберуді тоқтатуы, Тайвань аймағындағы сайлауға қандай да бір түрде араласуды тоқтатуы керек», - деп жалғастырды Мао Нин.