Әскери қызметті кейінге қалдыру: Өскеменде шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды

Sarbaz.kz редакторы
10/01/2024 - 21:16

Фото: Антикор

Фото: Антикор

Өскемен қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жинақтау бөлімінің бастығы әскери қызметті кейінге қалдыру мүмкіндігін жасағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жинақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы хабарлады.

«Ол әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметті кейінге қалдыру мүмкіндігін жасағаны үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85