Германияның қорғаныс компаниясы Украинада әскери техникаларды жөндеу орталығын салып жатыр

Leopard танктері осы орталықта жөнделетін болады

Ануар Маратов
10/01/2024 - 18:25

Фото: Маркус Фабердің Х парақшасы

Фото: Маркус Фабердің Х парақшасы

Германияның «Flensburger Fahrzeugbau Gesellschaft» қорғаныс компаниясы Украинада броньды машиналарға арналған қызмет көрсету орталығын салуға кірісті. Атап айтқанда, Leopard танктері сол жерде жөнделеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Бундестаг депутаты Маркус Фабердің Х парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Украинаның батысында FFG жөндеуді қажет ететін броньды машиналарға арналған жөндеу орталығы салынып жатыр. Бұл орталықта Leopard 1 танктері жөнделеді», - деп жазды Бундестаг депутаты. 

Фабердің айтуынша, жөндеу орталығы Украина үшін тиімді болмақ. Себебі, болашақта қымбат және көп уақытты қажет ететін шетелге тасымалдау қажет болмайды, ал қарулы күштер өз механиктерін тікелей сол жерде оқыта алады.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02