Украинаның 1000-нан астам қаласы электр қуатынсыз қалды

Елдің көптеген аймағында электр энергиясын тұтыну жоғары деңгейде

Sarbaz.kz редакторы
10/01/2024 - 17:17

Фото: РБК-Украина

Фото: РБК-Украина

Украинаның Мемлекеттік энергетикалық операторы «Украинерго» ауа райына байланысты 1000-нан астам қала мен ауыл электр қуатынсыз қалды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Энергетиктер елдің тоғыз аймағында үзілістер болып жатқанын айтып дабыл қақты және тұрғындарды электр энергиясын үнемді пайдалануға шақырды. Себебі Ресей әскерінің соққыларынан кейін электр жүйесіне зақым келген.

«Украинерго» мәліметі бойынша, елдің көптеген аймағында ауа температурасы минус 15 градусқа дейін төмендеген, ал электр энергиясын тұтыну жоғары деңгейде.

«Тұтыну деңгейі бүкіл ел бойынша температураның айтарлықтай төмендеуіне байланысты өсіп жатыр. Таңертең электр қуатын тұтыну өткен күнмен салыстырғанда 5,8 пайызға жоғары болды. Бүгін таңертең ауа райының қолайсыздығына байланысты қатты желден, көктайғақтан 1025 елді мекенде электр қуаты өшірілді», - делінген Telegram-да.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02