Төтенше жағдай режимі: Эквадорда қарулы қақтығыс жүріп жатыр

Эквадор полициясы «бұл төтенше жағдайды шешу» үшін күш қолданғанын айтты

Sarbaz.kz редакторы
10/01/2024 - 16:06

Фото: ecuavisa.com

Фото: ecuavisa.com

Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде ішкі қарулы қақтығыс жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мемлекет басшысы Эквадор әуе күштеріне «Халықаралық гуманитарлық және адам құқықтарын сақтау» бойынша қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыруға бұйрық берді.

Бұдан бөлек, испан тіліндегі БАҚ-тың хабарлауынша, бетперде киген қарулы топ тікелей эфир кезінде Эквадордың ірі телекомпаниясының студиясына басып кіргені хабарланды. Эквадор полициясы «бұл төтенше жағдайды шешу» үшін күш қолданғанын айтты.

Ecuavisa басылымының хабарлауынша осыған дейін Эквадордың бірқатар қаласында қарулы топ полиция қызметкерлерін кепілге алған соң президент Даниэль Нобоа елде төтенше жағдай режимін жариялады.

Айта кетейік, 36 жастағы Даниэль Нобоа өткен жылдың қазан айында ел президенті болып сайланған.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41