ХАМАС: Бір аптада Израильдің 20-дан аса сарбазы қаза болды

40-тан аса әскери техникасы жойылған

Sarbaz.kz редакторы
10/01/2024 - 15:11

«Әл-Кассам» бригадаларының ресми өкілі (ХАМАС-тың әскери қанаты) Әбу Убейда өткен аптада 22 израильдік сарбаз өлтіріп, 42 әскери техникасы жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі EADaily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өткен аптада әл-Кассамның жауынгерлері 42 әскери техниканы толығымен немесе ішінара жойып жіберді, сол сияқты 22 (израильдік) сарбаздың өлтірілгенін растады», – делінген жеделхат арнасында.

Таяу Шығыстағы жағдай 7 қазанда Газа секторынан ХАМАС содырларының Израиль аумағына енуінен кейін күрт шиеленісіп кетті. ХАМАС бұл шабуылды Израиль билігінің Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне қарсы әрекеттеріне жауап деп атады. Қақтығыстар Иордан өзенінің батыс жағалауында да жүріп жатты.

Израильдің солтүстік шекарасында шиеленіс күшейе түсуде, онда Ливан аумағынан үнемі атыс болып тұрады, оған Израиль әскери күштері қарсы жауап береді. Нысандар «Хезболла» ұйымының нысандары болып саналады.

×

Редакция

$ 513  541.16  4.69