Президент Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
09/01/2024 - 22:59

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен бұл лауазымға Айдос Сәкенұлы Мырзахметов тағайындалды.

Осыған дейін Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымын атқарып келген Болат Жұмабаев қызметінен босатылған еді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың басында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Осылайша елде арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болған.

×

Редакция

$ 475.18  510.72  5.47