Қарағанды облысының автожолдарындағы құтқару операциялары
Өткен тәулікте Қарағанды облысының жолдарында Төтенше жағдайлар департаменті мен ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштері қар құрсауында қалған көліктерден 190 адамды, оның ішінде 27 баланы жақын маңдағы елді мекендерге көшірді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, 172 адамды жылыту орталықтарына орналастырылды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
8 қаңтарда Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округінде төтенше жағдайлар қызметінің күштері 1997 және 1973 жылы туған екі ер адамды іздестірді, олар 7 қаңтар күні таңертең «Нива» көлігімен мал алып кетуге шығып, қайтып оралмаған. Олармен байланыс болған жоқ. 8 қаңтар күні таңертең іздестіру тобы жоғалған адамдарды «Тінәлі» қыстағының маңайынан тапты. Белгілі болғандай, олар мінген көлік істен шығып, дәл осы уақытта қыстаққа баратын жолды қар басып қалған. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында жолдар барлық бағытта ашық.
Қатаң ұсынамыз:
Ауа райы жағдайының өзгеруі және жолдардың жай-күйі туралы жедел ақпарат «Дармен» мобильді қосымшасында, ТЖД әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.