«Қазақстан» шахтасындағы апат: кінәлі лауазымды тұлғалар анықталды

Олардың ісі сотқа жіберілді

Sarbaz.kz редакторы
09/01/2024 - 17:53

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз жиынында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» шахтасындағы апат бойынша айыпталған адамдардың аты-жөні белгілі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бұл қатардағы жұмысшылар емес, тікелей жауапкершілік арқалайтын инженерлік-техникалық персонал. Олар – жауапты лауазымды тұлғалар. Олар да, материалдар да тергеу органдарына берілді. Кінәсін сот анықтайды. Жекелеп айтсақ, бас диреткор Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Белый мырза, «АрселорМитттал Теміртаудың» көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және басқалар», - деді Сырым Шәріпханов.

Айта кетейік, 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртеніп, апат болғанын хабарлады. Сол кезде шахтада болған 227 адамның 222-і құтқарылды. 20 тамызда жер астында қалған кеншілерді іздеу жұмыстары тоқтатылды, құтқарушылар қаза тапқан бесінші шахтердің денесін тапты.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке және Қарағанды ​​облысының әкімдігіне апаттың себептерін жан-жақты тексеруді және зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Кейін шахтадағы жұмыс тоқтатылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91