Қаңтар оқиғасында ұрланған қару: 51 Калашников автоматы, 192 мылтық тәркіленді

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда

Sarbaz.kz редакторы
09/01/2024 - 16:57

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, 2023 жылы заңсыз айналымнан, соның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қорытындысы бойынша қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.

51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғылар және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді.

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91