Жетісу облысында әскери қызметке жүзден аса адам қабылданбақ
Талдықорған қаласына жұмыс сапары аясында сенаторлар Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов аумақтық қорғаныс бригадасының қызметімен танысты. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенаторлар әкімдіктің азаматтық және аумақтық қорғанысын қамтамасыз ету, жұмылдыру дайындығы жөніндегі әскери бөлімше мен басқарманың материалдық жарақтандырылуын зерделеді.
Кездесуде мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге азаматтарды барынша тартуға бағытталған шараларды қамтитын аумақтық қорғанысты құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.
Одан бөлек аумақтық қорғанысты нығайту іс жүзінде жүзеге асатыны да атап өтілді. Бұл ретте жақында Жетісу облысында әскери қызметке жүзден аса адам қабылданбақ.