-30 аязға дейін суытады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қара теңіз аудандарынан циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжиды

Sarbaz.kz редакторы
08/01/2024 - 22:46

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

«Қазгидромет» РМК 9-11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қара теңіз аудандарынан циклон Қазақстанның батысынан шығысына қарай жылжып, қар мен әртүрлі фазада жауын-шашын күтіледі, қатты қар жауады көктайғақ болуы ықтимал. Ал Скандинавиялық антициклон оған қарай жылжиды, бұл синоптикалық жағдайды аяздың қысқа мерзімді күшеюіне әсер етеді.

Республика бойынша қатты жел күтіледі. Аяз еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында термометрлер түнде 20-30 аязға дейін, ал шығыста минус белгісімен 18-23 дейін төмендейді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91