«Екі әскери қызметші қамауға алынды»: Қорғаныс министрлігі Отарда болған төбелеске қатысты пікір білдірді

Әскери қызметшілердің оқиғаға қатысы бары анықталды

Sarbaz.kz редакторы
08/01/2024 - 20:31

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Жамбыл облысындағы Отар елді мекенінде болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода төбелесте әскери қызметшілердің де бар екендігі айтылады. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

1 қаңтар күні Жамбыл облысы Полиция департаменті мен Қордай ауданы Полиция бөлімі қызметкерлері бір топ адамның үстінен бұзақылық жасады деген фактімен қылмыстық іс қозғалды. Аталған оқиға нәтижесінде екі азамат дене жарақатын алған.

Қылмыстық істі тергеу барысында Гвардейск гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің оқиғаға қатысы бары анықталды.

«ҚР ҚІЖК-нің 128, 131-баптарына сәйкес, осы қылмысты жасады деген күдікпен алты адам ұсталды, оның ішінде екі әскери қызметші қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі «төбелес әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтар арасында болды», «әскерилер жергілікті тұрғынды соққыға жықты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Төбелескендердің ішінде тек екеуі әскери қызметші және оқиға жұмыстан тыс уақытта болған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91