Қазақстан мен Катар арасында әуе рейсі артты – министрлік

2024 жылдың ортасында Астана-Доха бағыты бойынша әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр

Sarbaz.kz редакторы
28/07/2023 - 20:18

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және тұрақты халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен, 2023 жылғы 26-27 шілдеде Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Катар тарапынан – Катар авиациялық билігінің басшысы Мохамед әл-Хаджри басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейтетін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды:

  • әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
  • әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
  • «ауа еркіндігінің» 5 дәрежесін қоса алғанда, әр жағынан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.

Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін өсті.

«Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Qatar Airways» әуе компаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы - Доха бағыты бойынша орындалатын рейстер санын күніне 1-ден 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, 2024 жылдың ортасында әуе компания Астана-Доха бағыты бойынша әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта «Qatar Airways» әуе компаниясы Қазақстанға бағыт бойынша рейстерде, оның ішінде «Боинг-787 Дримлайнер» үлгісіндегі кең фюзеляжды әуе кемелерін пайдаланады. Келіссөздер барысында әуе компания Қазақстан Республикасына рейстерде әуе кемелерінің осы түрлерін пайдалануды арттыратынын хабарлады», - делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16