Тайваньға қару-жарақ бергені үшін АҚШ компанияларына санкция салынбақ

Қытай АҚШ-тың 5 компаниясына қарсы санкция салуды көздеп отыр

Админ
07/01/2024 - 20:40

AP

AP

Қытай билігі АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ жеткізуіне және Вашингтонның қытайлық жеке және заңды тұлғаларға қарсы бұрын енгізген шектеулеріне байланысты АҚШ-тың 5 компаниясына санкция енгізеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қытай Сыртқы істер министрлігіне сайтына сілтеме жасап.

СІМ мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ Қытайдың өз аймағы деп санайтын республикаға қару-жарақ сату арқылы «бір Қытай» қағидатын ашық түрде бұзып отыр. Сонымен қатар Вашингтон әртүрлі сылтаулармен қытайлық компаниялар мен жеке тұлғаларға қарсы заңсыз біржақты санкциялар енгізеді.

ҚХР-дың шетелдік санкцияларға қарсы іс-қимыл туралы Заңына сәйкес жоғарыда аталған АҚШ тарапының ауыр құқық бұзушылықтарына жауап ретінде Қытай BAE Systems Land and Armament, Alliant Techsystems Operation, AeroVironment, Viasat және Data Link Solutions компанияларына қатысты санкциялар енгізу туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, енгізілген шектеулер Қытай аумағындағы аталған компаниялардың жылжымайтын мүліктерін қоса алғанда, активтері де тоқтатылады.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16