Израиль Газаның солтүстігіндегі ХАМАС қолбасшылығы толығымен жойылды деп мәлімдеді

Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі ХАМАС-тың командалық құрылымын «түбімен жойғанын» айтты 

Админ
07/01/2024 - 17:15

REUTERS

REUTERS

ЦАХАЛ өкілі Даниэль Хагаридің айтуынша, палестиналық содырлар қазір бұл аймақта тек анда-санда шабуылдап, «командирлерсіз» жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Израиль Газаның солтүстігінде 8 мыңға жуық содырдың көзін жойған. 

Сондай-ақ Израильдің қорғаныс Армиясы (ЦАХАЛ) енді ХАМАС-тың Газа секторының орталығы мен оңтүстігінде шоғырланған күштерімен күсресіп жатыр.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша Израиль күштері соғыс басталғаннан бері 22 мыңнан астам адамды өлтірді. Сенбіде 24 сағат ішінде 120-дан астам өлім тіркелгенін хабарлады.

Сектордың бұл аумағы қирап, 2,3 миллион тұрғынның көп бөлігі үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16