Президент болуға үміткер Рамасвами АҚШ-ты НАТО-дан шығаруға ниетті

Сарапшылардың ойынша, егер сайлауда Рамасвами жеңіске жетсе, онда НАТО-ның жаңдайы қиындай түседі

Админ
06/01/2024 - 23:22

AP/Charlie Neibergall

AP/Charlie Neibergall

Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Вивек Рамасвами 2024 жылғы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда елді НАТО-дан шығаруға ниетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Politico сайтына сілтеме жасап.

Республикалық партияның кандидаты Вивек Рамасвами көптеген адамдарға АҚШ-ты НАТО-дан шығаратынын айтты, - делінген мақалада.

Басылым атап өткендей, Рамасвами немесе сондай көзқарастағы басқа саясаткер жеңетін болса, НАТО «көпке дейін бармайды». 

Politico мәліметі бойынша, мұндай қадамға бару Рамасвамидің жеке пікірі. Дегенмен саясаткердің аға кеңесшісі Триша Маклафлин оның НАТО-ға қатысты жоспарлары туралы тікелей түсініктеме беруден бас тартса да, оның альянсқа қатысты ұстанымын жоққа шығармады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85