Ливанда ХАМАС басшысының орынбасары қаза тапты

ХАМАС оның қайтыс болғанын растады

Ануар Маратов
03/01/2024 - 17:30

Фото: Reuters

Фото: Reuters

ХАМАС басшының орынбасары Салех әл-Арури Ливанның астанасы Бейруттың оңтүстігіндегі жарылыста қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

ХАМАС саяси бюросы басшысының орынбасары болған Әл-Арури, сонымен қатар осы топтың әскери қызметіне көп еңбек сіңірген.

Ливан мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, жарылыс Ливан астанасының маңындағы ХАМАС кеңсесінде болды.

ХАМАС өзінің тағы екі командирі мен ұйымның басқа төрт мүшесінің, жалпы жеті адамның жарылыстан қаза тапқаны туралы хабарлады.

ХАМАС мәлімдемесінде қайтыс болған «Әл-Кассам» бригадаларының (ХАМАС-тың әскери қанаты) екі командирінің есімдері аталды. Олар: Самир Фенди және Аззам әл-Акра.

Ливанның премьер-министрі Наджиб Микати Бейрут маңындағы жарылысты «қылмыс» деп атады. Оның айтуынша, бұл – Ливанды Израильмен қақтығыстың жаңа кезеңіне тартуға бағытталған қылмыс.

Израиль тарапы жарылысқа қатысы барларын ресми түрде мойындамады. Бұл жағдайды ел премьер-министрінің аға кеңесшісі Марк Регев ерекше атап өтті.

«Мұны кім жасаса да, бұл Ливан мемлекетіне жасалған шабуыл емес екені анық болуы керек. Кім жасаса да, ХАМАС-тың басшылығына соққы берді», - деді Регев американдық MSNBC-ге берген сұхбатында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91