Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz,kz тілшісі.
Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.
- Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, «Нұр Отан» ХДП, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған, «Ертіс» ӘКК» ҰҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
- 2019 жылғы қаңтардан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
- 2020 жылғы 29 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.