Президенттің айтуынша, 2023 жылы әскерилердің еңбегі зор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жаңа 2024 жылмен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жұмысшылардың, инженерлердің және шаруалардың еселі еңбегі, әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызметі, кәсіпкерлердің табысты жобалары, мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы және ғалымдардың елге пайдалы зерттеулері арқылы ұлтымыздың жасампаздық әлеуеті арта түсті. Өз кәсібін мінсіз атқарып жүрген мұғалімдер, медицина қызметкерлері және басқа да еңбек адамдары – бүгінгі күннің нағыз батырлары. Волонтерлер, меценаттар, құтқарушылар және өзге де жанашыр азаматтар игі істер жасап, жанкешті ерлік көрсетіп, тілектестік пен қамқорлықтың озық үлгісін танытты. бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Жүргізілген реформалар өз жемісін бере бастады. Бұл – бәрімізге ортақ іс. Сондықтан мен осы маңызды жұмысқа атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын, - деді мемлекет басшысы.