«Өлді деуге бола ма...»: 2023 жылы мәңгілік сапарға аттанған танымал тұлғалар

Биылғы жыл Қазақстан мен әлем бойынша арамыздан әртүрлі саланың жарқын өкілдерін алып кетті

Админ
31/12/2023 - 20:33

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Осы орайда Sarbaz.kz саясат пен қоғамда, мәдениет пен спортта өзінің айшықты өмірімен есте қалған тұлғаларды еске алуды жөн көрді. 

Мәдениет пен өнер...

24 қаңтар күні белгілі композитор Арман Дүйсенов 48-жасында өмірден өтті. Ол 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Сазгер тек классикалық музыка ғана емес, поп, джаз және рок жанрларында композициялар орындайтын «Достар» тобын басқарды. Өмірінің соңғы жылдарында «Гүлдер» ансамблінің бөлімін басқарды. 

Ал ақпанда жастар арасында Darkhan Juzz атымен танымал музыкант Дархан Жүнісбеков дүниеден өтті. Ол қазақстандық рэп-орындаушы, ән авторы және саунд-продюсер ретінде өте танымал болған еді. Дархан Тайландтағы Пхукет аралында жалға алынған мопедпен жүріп, апатқа ұшырады. Марқұм бар-жоғы 31 жаста еді.

Қараша айында танымал әнші Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті. Ол 195 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Өзінің дара жолын «Дос-Мұқасан» ансамбльінен бастаған әнші «Арқан», «Сазген», «Адырна», «Гүлдер» ансамбльдерініңде ән шырқаған.  Еңбек сіңірген әртіс, ерен еңбегі үшін медалі, құрмет орденімен марапатталған.

Биыл қазақ қауымына аса танымал актер, сатирик, режиссер, сценарист Асқар Наймантаевтың дүниеден өткені туралы желтоқсан айында хабар келді.  Асқар Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. Ол «Тамаша» ойын-сауық театры арқылы көпшілікке танымал болып, кейін «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» сынды комедиялық театрларын ашқан. Актер "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық фестивальдің Гран При және Бас жүлдесін жеңіп алған.

Саясат...

Қаңтар айында 45 жасында Солтүстік Қазақстан облысынан жаңадан сайланған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова қайтыс болды. Өлімнің алдын-ала себебі анафилактикалық шок деп аталды.

Ал ақпан айының басында Қазақстанның бірінші премьер-министрі (1991-1994 жылдар) Сергей Терещенко өмірден өтті. Саясаттан кеткеннен кейін Терещенко кәсіпкер болып, Forbes рейтингінде «2022 жылы Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» тізіміне енді.

Сәуір айында Риддер қаласындағы апаттан кейін танымал болып кеткен жас әкім Дмитрий Горьковой қайтыс болды. Шенеуніктің ауруханада жүрегінің тоқтап қалған. 

Сондай-ақ, биыл маусым айында Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткер Бердібек Сапарбаев қайтыс болды. Ол Қазақстанның 5 өңірін (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстары) басқарған жалғыз әкім. 

Ел қорғаны...

12 шілдеде алғашқы әскери дайындық оқытушысы, запастағы майор Александр Руденко суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза тапты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (марқұм) марапатталды. 

Ал тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ең алғашқы басшысы Болат Баекенов өмірден озды. Ол әр жылдары Ішкі істер министрлігін басқарды, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды, ал 1997 жылдан 2001 жылға дейін генерал-лейтенант Баекенов Қазақстан Президентінің Күзет қызметін басқарды.

Қоғам...

Шілдеде айында еліміздің аты аңызға айналған қазақстандық футболшысы Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Сейілда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда дүниеге келген. КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

13 қарашада Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев ауыр дерттен дүниеден өтті. Ол 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ауылдағы техникумды «механик» мамандығы бойынша бітіріп кейін Қарағандыдағы заң институтын «құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оған пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Өмірінің соңғы күндеріндегі көптеген аурулар оны төсекке жатқызды.

Әлемде...

Кезінде «Путин аспазы» атанып, жазда билікке қарсы шығып, Мәскеуге танктермен аттанған Евгений Пригожин 23 тамызда қаза болды. Өмірі шытырман мен аңызға толы кәсіпкер Украинадағы қақтығыста үлкен рөл ойнады. Алайда көтерілістен екі ай өткен соң Евгений Пригожиннің өзінің жеке ұшағындағы жарылыстан өмірден өтті.

Культқа айналған «Достар» сериалындағы Чандлер Бингтің рөлі арқасында дүниежүзіне танымал болған Мэттью Пэрри де биыл қайтыс болды. Актер көптеген жылдар бойы алкоголизммен және нашақорлықпен күрескен. Ал 28 қазанда оның денесі үйіндегі джакузиден табылды. 

Сахнада Адриано Челентано, Джо Дассен, сияқты жұлдыздармен өнер көрсеткен Тото Кутуньо 81 жасына қараған шақта дүниеден озды. Музыканттың дүниежүзі бойынша 100 миллионнан астам пластинкасы сатылды.

Биыл АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер қайтыс болды. Саясаткер 100 жасқа дейін өмір сүрді. Үкіметтегі жұмысы кезінде Киссинджер КСРО-мен белсенді қарым-қатынас орнатты. Мәселен 1972 жылы ол алғаш рет Мәскеуге стратегиялық шабуыл қаруын шектеу туралы келісім жасау үшін келді. Болашақта ол КСРО мен АҚШ арасындағы халықаралық шиеленісті жоюға белсенді қатысты. Сондай-ақ, Киссинджер Париж келісімін жасады, ол Вьетнам соғысын аяқтауы керек еді-ол үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын алды. Өмірінің соңына дейін ол ықпалды саясаткер болып саналды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41