Елімізде әскерде жүрген сарбазға кредиттік каникул берілетін болды

Сарбаздарға 13 айға кредиттік каникул қарастырылып отыр

Нұрдәулет Кәкіш
27/07/2023 - 22:10

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Бұдан былай сарбаздарға гранттар бөлініп, 13 айға кредиттік каникул қарастырылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Әскери қызметтің мәртебесін көтеру үшін сарбаздарға гранттар бөлу қарастырылып отыр. Биыл 3 мың грант бөлініп, оның 1500-і үлестірілді. Қалған 1500-і жыл соңына дейін бөлінеді. Грант беру ашық түрде жүргізілуі үшін арнайы ақпараттық жүйе іске асырылып, енгізілді. Оған әр командирдің бақылау жүргізуіне мүмкіндік бар. Сарбаздар да бұл процедураның динамикасын платформаға кіріп, көре алады. Грант бөлуде дау болмас үшін жүйе автоматты түрде олардың баллдарына қарай анықтайды», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Дархан Ахмедиев сарбаздарға 13 айға кредиттік каникул беру бастамасы қолға алынғанын атап өтті.

«Биылғы көктемде шақырылған 2500 сарбазға кредиттік каникул берілді. Алайда бұл жерде бюрократиялық мәселе туындады. Сарбаздың өз қолымен жазған өтініші қаржылық ұйымға, микрокредиттік ұйымға, банкке жеткенше бірнеше ай уақыт өтіп, айыппұл салынған сәттер болды. Бұл ретте Кредиттік бюромен бұл процесті автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни мойнында несиесі бар сарбаздың ЖСН-і қаржылық ұйымдарға бірден жөнелтілу қарастырылады», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91