Еліміздің 6 облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды

Жолдарда 252 бірлік техника мен 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

Админ
30/12/2023 - 19:42

Қазавтожол

Қазавтожол

6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қазавтожолға сілтеме жасап.
 
Ақмола облысында – 5 учаске 
Жамбыл облысында – 1 учаске 
Жетісу облысында – 1 учаске 
Қарағанды облысында – 6 учаске 
Павлодар облысында – 1 учаске 
Ұлытау облысында – 1 учаске 
 
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Себебі: қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада көктайғақ.
  
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91