Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды

ҚР ҚК Арнайы операциялар күштері 2022 жылы 19 қаңтарда құрылды

Админ
29/12/2023 - 21:51

Фото: НЕхабар Telegram арнасы

Фото: НЕхабар Telegram арнасы

Қазақстан Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Болат Жұмабаев қызметінен босатылды. Тиісті өкімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Болат Жарқымбайұлы Жұмабаев 2022 жылы 3 ақпанда ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан ҚК Бас штабы департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Фото: ҚР ҚМ

Жаңа орган – Арнайы операциялар күштері 2022 жылдың 19 қаңтарында “Қаңтар оқиғасы” кезінде болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін құрылды. АОК Қазақстанның қорғаныс қабілетін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде арнайы міндеттерді шешуге арналған.

Бір күн бұрын Sarbaz.kz Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласовтың қызметінен босатылғанын хабарлады. 

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4