Қазақстан «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады

Әлемнің кейбір елінде «Талибан» тыйым салынған террористік ұйым ретінде саналады

Нұрдәулет Кәкіш
29/12/2023 - 17:48

Фото: БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясы / Ф. Варзи

Фото: БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясы / Ф. Варзи

Қазақстан билігі Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақстан өзектендіру мақсатында ҚР-да тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі тексеру жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, одан «Талибан қозғалысын» алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді», - деді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар ол Қазақстан бұдан әрі де Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанатынын атап өтті.

«Талибан» түрлі елдермен, соның ішінде Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға және әлемдік жұртшылық алдында өзін ақтауға тырысады. Олар жақын көршілерімен белсенді түрде сауда қатынастарын құрып жатыр», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91