«Біз тоқтамаймыз, соғысуды жалғастырамыз» – Нетаньяху

7 қазаннан бері Газа секторында 20 мыңнан асақ адам қаза тапты

Ануар Маратов
26/12/2023 - 15:52

Фото: Израиль преьмер-министірінің кеңсесі

Фото: Израиль преьмер-министірінің кеңсесі

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израиль армиясы алдағы күндері Газа секторындағы палестиналық ХАМАС тобының позицияларына одан да белсенді түрде шабуыл жасай бастайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль үкіметінің басшысы бұл туралы өзінің «Ликуд» партиясының мүшелеріне Газа секторындағы әскерилермен жақында болған кездесуі туралы айтты.

«Олардың барлығы менен бір ғана нәрсені сұрады: біздің тоқтамағанымызды және істі соңына дейін жеткізуімізді. Сондықтан біз тоқтамаймыз, соғысуды жалғастырамыз. Біз алдағы күндері күресімізді күшейтеміз және бұл ұзақ соғыс болады, оның соңы жақын емес», - деді Израиль премьер-министрі.

Бірнеше күн бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге сапары кезінде Израиль армиясы көптеген бейбіт тұрғындардың құрбан болуына жол бермеу үшін Газада соққыларының қарқындылығын төмендетуі керектігін айтқан болатын. Франция мен Германияның Сыртқы істер министрлері де осындай үндеулер жасады.

7 қазаннан бері Газа секторында 20 мыңнан асақ адам қаза тапты. Қаза тапқандардың көпшілігі – әйелдер мен балалар. Бұл ақпаратты дүйсенбіде ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылында шамамен 1,2 мың израильдік қаза тапты, олардың басым көпшілігі – бейбіт тұрғындар. 240-қа жуық адам кепілге алынып, Газаға жіберілді. Израильдің мәліметі бойынша, 132 адам әлі де ХАМАС-тықтардың тұтқынында.

Нетаньяху ХАМАС тобын жоюға және кепілге алынған адамдарды Израильге қайтаруға уәде береді. Жексенбіде ол Израиль Парламентінде ХАМАС тұтқындарының бір бөлігі босатылды деп мәлімдеді. Өйткені топ Израиль армиясының қысымымен жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91