Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Шектеу шаралары, оның ішінде жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысына тыйым салу жоспарланған

Sarbaz.kz редакторы
27/07/2023 - 16:13

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

27-28 шілде күндері ҚР Терроризмге қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен Астанада лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестік көріністеріне шұғыл әрекет ету бойынша дайындығын тексеру.

«Шектеу шаралары, оның ішінде жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысына тыйым салу жоспарланған. Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған», - дейді Терроризмге қарсы Астана қалалық штабы.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Астана қалалық жедел штаб азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85