Ауа райы: алдағы үш күнде қар жауып, көктайғақ болады

Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады

Админ
25/12/2023 - 21:55

Фото: egemen.kz

Фото: egemen.kz

Қазгидромет синоптиктері 26-28 желтоқсан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Циклон әсері Қазақстанның бүкіл аумағында сақталады. 

Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, көктайғақ болады, тұман түседі. 

Бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін күшейеді. 

26 желтоқсанда солтүстік облыстарда жел екпіні 30 м/с асады. 

Ауа температурасы кенеттен өзгермейді. 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91