Түркия Ирак пен Сирияның солтүстігіне шабуыл жасады

Ирактың солтүстігінде 12 түрік солдаты қаза тапты

Админ
24/12/2023 - 22:09

Түрік әуе күштері сенбіде Ирак пен Сирияның солтүстігіне әуе шабуылдарын жасап, тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) 29 нысанын жойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Түркия мұндайға қадамға соңғы екі күнде Ирактың солтүстігінде түрік армиясының 12 сарбазы қаза тапқаннан кейін барды.

Нысандарға КЖП содырлары қолданған базалар, баспаналар және мұнай қондырғылар алынды. Түркия Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде 13 содырдың көзі жойылды делінген.

Мәлімдемеде Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі қай аудандарға әуе шабуылдары жасалғаны көрсетілмеген.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4