Баланың тісі ауырып, жағы ісіп кетсе қайда жүгіну керек?

Sarbaz.kz редакторы
16/06/2023 - 17:37

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттің басты капиталы саналатын адам денсаулығының мықты болуы маңызды. Алайда ауырып, ем іздегенде медицина мамандарының еңбегі зор. Астанадағы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы күні-түні жұмыс істейді. Тәуліктің кез келген уақытында балаңызды осында тегін қарата аласыз, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Егер стоматологиялар жабылған түнгі уақытта балаңыздың тісі қақсап, жағы ісіп кетсе, №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жүгінесіз. Онда білікті мамандар тексерген соң балаңызды Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызуы мүмкін.

Бұл жерге әртүрлі жарақатпен түскен балаларға сапалы ем-шара жүргізіледі. Мұндағы дәрігерлер кейбір ауыр жағдайдағы науқас балаларға түрлі ота жасауға қауқарлы.

Заманауи аппараттармен қамтамасыз етілген Жақ-бет хирургиясы бөлімшесі 2013 жылы құрылған. Бүгінде 34 орынға шақталған бөлімшеде 33 маман жұмыспен қамылған. Ал жалпы ауруханада мыңнан аса адам еңбек етеді.

×

Редакция

$ 499.51  525.83  4.62