Қарулы күштерде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған шаралар өтті

Бүгін 24 желтоқсанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 113 жыл толды

Админ
24/12/2023 - 19:25

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Барлық гарнизондарда аты аңызға айналған батыр, талантты қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлын еске алу шаралары өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Момышұлы атындағы Алматыдағы "Жас ұлан" республикалық мектебінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, атақты қолбасшының келіні Зейнеп Ахметованың, кітап авторы, "Кәусар" балалар орталығының директоры Диран Бердімұрат пен меценат Дидар Құйқабаевтың қатысуымен тақырыптық кеш өтті.

Аталмыш шара батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Зейнеп Ахметованың қатысуымен мектептің фойесінде Баукең бейнеленген барельефті қабырға ашылды.

Жасұландықтар Зейнеп Асқарбекқызының Бауыржан Момышұлы жайлы естелік әңгімелерін тыңдады. Олар батырдың соғыс туралы естеліктерінен үзінділер оқып, оның шығармалары мен қаһарман туралы фильмдерден қойылымдар көрсетті.

Демалыс күндері Қарулы күштердің ардагерлері мен ауған жауынгерлерінің қатысуымен жеке құраммен тақырыптық кездесулер, "Бауыржан Момышұлы" көркем фильмі көрсетілді.

Кітап көрмелері ашылып, Б. Момышұлының "Соғыс психологиясы" кітабы талқыланды, бұл кітаптың негізінде бүгінде жоғары оқу орындарында офицерлерді даярлау жүргізілуде.

Жалпы білім беретін оқу орындарында "Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының батыры, ұлы қолбасшы" атты ерлік сабақтары өткізілді. Гарнизондарда әскери қызметшілердің балалары арасында аңызға айналған әскер басшысы туралы үздік сурет салу және эссе жазу байқаулары ұйымдастырылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91