Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды
Ол 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңге сомасынан астам салықтар төлеуден жалтарған деп күдіктеледі. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылдың маусым айында ол Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, Камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Осындай қылмыс жасаған тұлғаларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.