Астанадағы "Хан шатырдан" өрт шықты

Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
23/12/2023 - 20:42

advantour.com

advantour.com

Астанадағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Астана төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де түскен, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

"Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 шаршы метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Астананың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт орынында жеке құрамның 66 адамы және Астана төтенше жағдайлар департаментінің 14 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41