Қар, тұман, көктайғақ: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
22/12/2023 - 20:25

Фото: Qazaqstan.tv

Фото: Qazaqstan.tv

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23-25 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын шашын болады.

«Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар атлантикалық циклон жырасы әсер ете бастайды. Алдымен республиканың батыс аймақтарында, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен сулы қар түрінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен қатты жел болады», - делінген хабарламада.

Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41