Допинг қолданғаны үшін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы алтын медалінен айырылған
Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло кезекті рет допинг қолданғаны анықталып, сегіз жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Ол допингке қарсы ережені бірнеше рет бұзғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді. 2022 жылы оның денесінен анаболикалық стероид метандиенонның іздері табылды.
Чиншанло бұған дейін допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы алтын медалінен айырылып, екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Оған станозолол, дегидрохлорметилтестостерон және оксандролон диагнозы қойылды.
Чиншанло 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада жүлдегер атанған еді.