Үстел теннисінен үздік әскерилер анықталды

28738 әскери бөлімінің командасы жеңімпаз атанды

Нұрдәулет Кәкіш
22/12/2023 - 17:58

Семейде үстел теннисінен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өтті. Әскери – қолданбалы спорт түрлерінен ХХІ Спартакиада аясындағы сайысқа Семей, Өскемен, Үшарал, Аягөз қалаларынан келген 15 құрама команда қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Салауатты өмір салтын насихаттап, әскерилердің тенниске деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен іс-шараның ашылу салтанатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Жеңіс Маралов қатысушыларға қызықты ойын, лайықты қарсылас пен жеңіске деген ерік-жігер тіледі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдер арасындағы сайыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте 28738 әскери бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Аягөз қаласынан келген 10810 әскери бөлімінің командасы еншілесе, үшінші орынды 32388 әскери бөлімі қанжығасына байлады. 

Жекелей есепте І орынды 10810 әскери бөлімінен майор Төлеген Тоғанбаев, ІІ орынды 28738 әскери бөлімінен капитан Архат Асқаров, ІІІ орынды 27943 әскери бөлімінен 2 сыныпты сержант Айдын Иманғалиев иеленді.

Ал әйелдер арасындағы жарыстың қорытындысы бойыншы І орынды 10181 әскери бөлімінен қатардағы Айнаш Сәбитова жеңіп салса, ІІ орынды 28738 әскери бөлімінен қатардағы Құндыз Жүнісбекова иеленді. Ал ІІІ орын 44793 әскери бөлімінен ефрейтор Дина Алиноваға бұйырды.

Жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен марапатталды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41