Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде жүргізілген әуе опеяларына байланысты мәлімдеме жасады
Ирактың солтүстігіндегі Гара, Хакурк және Кандил аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымы PKK пайдаланған 14 нысан жойылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТRT агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік медиа аккаунтында Ирактың солтүстігінде жүргізілген әуе операцияларына байланысты мәлімдеме жасалды.
«Ирактың солтүстігіндегі Гара, Хакурк және Кандил аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымы пайдаланған 14 нысанға Әуе күштері тарапынан күшті соққы берілді» делінген ақпаратта.
Мәлімдемеде әуе операцияларымен бөлшектеуші террор ұйымы пайдаланған жəне жауапты деңгейде террористер тығылған үңгірлер, баспаналар және қоймалардан тұратын 14 нысанның жойылғаны хабарланды.