2024 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбіге түседі

Sarbaz.kz редакторы
21/12/2023 - 20:03

2024 жылы қаңтар айында қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жаңа жыл мерекесіне берілетін ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады.

Ал аптасына 6 күн еңбек ететіндерге 30 желтоқсанда жұмысқа шығуға тура келеді.

Одан әрі – 3, 4 және 5 қаңтар – жұмыс күні.

Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4