Жаңбыр, қар, көктайғақ, бұрқасын: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі

Sarbaz.kz редакторы
20/12/2023 - 20:43

Фото: badfon.ru

Фото: badfon.ru

«Қазгидромет» РМК 21-23 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі.

«23 желтоқсанда Атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі. Сондай-ақ тұман болады. Дегенмен, ауа температурасында күрт өзгеріс күтілмейді», - делінген синоптиктер мәліметінде.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91