«Ұлыңды әскерге жібермейтіндей шешіп беремін»: Қызылордада күдікті қолға түсті

Қазір жәбірленушінің ұлы әскерге шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
20/12/2023 - 20:29

Фото: Turkystan.kz

Фото: Turkystan.kz

19 желтоқсан күні полицияға 52 жастағы облыс тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз азамат сеніміне кіріп, ұлын әскерге жібермейтіндей шешіп беремін деп 300 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Бірақ ол уәдесін орындамай, алған ақшасын да қайтармаған. Қазір жәбірленушінің ұлы әскерге шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатыр.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 34 жастағы, еш жерде жұмыста жоқ, Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04