Қырғызстанның мемлекеттік туы өзгеруі мүмкін

Депутаттар заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады

Sarbaz.kz редакторы
20/12/2023 - 18:26

Қырғызстанда Жогорку Кенеш отырысында депутаттар мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жогорку Кенеш отырысында заң жобасын 59 депутат қолдаса, бесеуі қарсы дауыс берді.

Мемлекеттік туды өзгертуді спикер Нурланбек Шакиев пен депутат Улан Примов білдірген болатын. Олардың сөзінше, қазір тудың ортасындағы күн сәулесі мен түндік түрліше қабылданады. Біреулер оны күнбағысқа ұқсатса, енді бірі киіз үй бөлігі ретінде көреді.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4