Өткен аптада елімізде төтенше жағдай орындарынан 1600-ден аса адам құтқарылды

Құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 2069 рет шықты

Sarbaz.kz редакторы
19/12/2023 - 23:53

Фото: aikyn.kz

Фото: aikyn.kz

Өткен аптада елімізде 608 төтенше жағдай тіркелді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тіркелген төтенше жағдайлардың ішінде 4-еуі – табиғи сипатта, 604-і – техногендік сипатта.

Ведомствоның мәліметінше құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 2069 рет шықты.

«Төтенше жағдай орындарынан 1626 адам (137бала) құтқарылды. Сол сияқты 23 адам (2 бала) эвакуацияланды.

112 құтқару қызметіне 165 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 95 дауылды ескерту жіберілді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4